Қазақстанда зейнетақы көлемі екі есеге өсті деген өтірік

zakon.kz
2021 жылы Қазақстанда зейнетақы мөлшерінің өскені рас, бірақ 50 пайызға емес, енді.

Әлеуметтік желіде 2021 жылы зейнетақының екі есеге өскендігі туралы ақпар тарап жатыр. Бірақ оған негіз жоқ, деп хабарлайды zakon.kz.

Stopfake_kz хабарлағандай, 2021 жылы Қазақстанда зейнетақы мөлшерінің өскені рас, бірақ 50 пайызға емес, енді.

– "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңға сәйкес, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға асып түсті. Бұл ретте жасы бойынша ең төменгі зейнетақы мөлшері 43 272 теңгені құрады. Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 5% артады. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап оның ең төменгі мөлшері 18 524 теңгені құрайды. Нәтижесінде, базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, ең төменгі зейнетақы мөлшері 1 қаңтардан бастап 61 796 теңгені құрайды, – делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында.

Бұл өсім 2,2 млн зейнеткерді қамтиды.

Stopfake.kz тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме