Түркімендер қызылмия тамырының шәрбатын алып жүруге міндеттелді

видеодан кадр
Бердымухамедов қызылмияның 15 түрі Түркіменстанда өсетінін айтқан.

Түркіменстанның Лебап облысының шенеуніктеріне, бюджет қызметкерлеріне және мектеп оқушыларына қызылмиядан жасалған шәрбатты өзімен алып жүруге міндеттеген.

Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметі хабарлайды.

Тілшінің хабарлауынша, Фарап ауданында бюджет қызметкерлеріне мұндай дәрісіз жұмысқа жіберілмейтінін ескерткен.

Дәл осындай талап оқушыларға да қойылған. 18 қаңтардан жаңа тоқсан басталғаннан кейін оқушылар өзімен бірге қызылмия тамырының шәрбаты, антисептик, бес маска, оксолин майын және медициналық қолғап алып жүруі тиіс. Егер жоқ болса, ата-аналарына айыппұл төленеді.

Былтыр желтоқсан айының соңында ел президенті Гурбангулы Бердымухамедов қызылмия тамырының пайдасы жөнінде айтқан. Ол бұдан жасалған шәрбат коронавирусқа қарсы күресте тиімді деген.

Қызылмия тамырын медицинада және халықтық медицинада ішкі ағзаларды, бүйректі, тыныс алу жүйелерін емдеу үшін бұрыннан пайдаланады, - деген президент.

Бердымухамедов қызылмияның 15 түрі Түркіменстанда өсетінін айтқан.

Түркіменстанда коронавирус белгілерімен ауырып жатқан науқастар артып, өлім саны күрт көбейгеніне қарамастан, ел билігі COVID-19 вирусын жұқтырғандар анықталмады деп келеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті