Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті

Нападение с ножом, поножовщина, нож, ножевое ранение, ножевые ранения, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2026 09:38 Фото: pixabay
Алматының Бостандық ауданында бірге ішімдік ішкен екі ер адамның жанжалы пышақ жарақатымен аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 25 маусым күні кешке Әуезов пен Ғабдуллин көшелерінің қиылысында болған.

Полицияның мәліметінше, алкогольдік ішімдік ішіп отырған екі ер адамның арасында жанжал туындаған. Сөзге келіспей қалған олардың бірі екіншісінің аяғына пышақ сұққан.

Зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді. Күдікті ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, осы күні Алматының Алмалы ауданында полицейлер қауіпті жағдайда қалған қыз туралы хабарламаға жедел әрекет етіп, қайғылы жағдайдың алдын алған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: