Мектеп асханаларының жұмыс істеуіне рұқсат беріледі

24.kz
Қазіргі уақытта қолайлы эпидемиологиялық аймақтарда орналасқан белгілі бір өңірлерде мектеп асханаларын ашу жайлы ұсыныстар түскен.

Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрғысынан тұрақты аймақтарда мектеп асханаларының жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов ОКҚ-да өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Мектеп асханаларына келетін болсақ, бұл мәселе де қарастырылып жатыр, - деді Қиясов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қолайлы эпидемиологиялық аймақтарда орналасқан белгілі бір өңірлерде мектеп асханаларын ашу жайлы ұсыныстар түскен.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайту мақсатында мектеп асханаларын ашудың алгоритмі алдын ала егжей-тегжейлі баяндалады, - дейді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін