Әбдез Рахманұлы: Мәслихат – халық мүддесін білдіретін маңызды өкілді орган

Бүгін, 29 қарашада, Шымкент қаласындағы мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қоғам және зиялы қауым өкілдері де белсенді қатысуда., сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2026 07:50 Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 29 қарашада, Шымкент қаласындағы мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қоғам және зиялы қауым өкілдері де белсенді қатысуда.

Шымкент қалалық Достық үйінде орналасқан №4 сайлау учаскесінде Қазақстан халқы кеңесінің мүшесі, белгілі журналист Әбдез Рахманұлы дауыс берді. Ол сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

Журналист жергілікті мәслихат депутаттарын сайлаудың қала өміріндегі маңызына тоқталып, мәслихаттың өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына ықпал ететін маңызды өкілді орган екенін атап өтті.

"Мәслихаттың маңызы – ең алдымен, халықтың үнін жергілікті деңгейде жеткізуінде. Қала тұрғындарын толғандырған мәселелерді көтеріп, олардың шешілуіне ықпал ету – депутаттардың негізгі міндеттерінің бірі. Шымкент секілді қарқынды дамып келе жатқан мегаполисте әлеуметтік сала, білім, мәдениет, инфрақұрылым және қоғамдық келісім мәселелеріне ерекше назар аудару қажет. Сондықтан мәслихат құрамын қалыптастыруға әрбір азаматтың қатысуы маңызды. Сайлауға келіп, өз таңдауын жасау – туған қаланың болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі", – деді Әбдез Рахманұлы.

Сондай-ақ ол қоғамның дамуы азаматтардың белсенділігімен, өзара түсіністігімен және ортақ мүдде жолындағы бірлігімен тығыз байланысты екенін атап өтті.

Айта кетейік, жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы тұрғындардың мүддесін өкілді орган арқылы білдіруге және қаланың алдағы даму бағыттарын айқындауға қатысуына мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: