Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылатын жарна көлемі өсті

24.kz
Ол үшін 1 айлық есептік көрсеткіш көлемін аударады. Ал ауыл-аймақтағы ағайынға сол 2197 теңгенің жартысын төлесе, жеткілікті болмақ.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылатын жарнаның көлемі өсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Биылдан бастап жұмыс берушілер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жалдамалы жұмысшылары еңбекақысының 2%-ін төлейді. Былтыр ол 1% болған еді, деп хабарлайды 24.kz.

Ал азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша қызмет істейтіндер ең төменгі жалақы көрсеткішінің 10 еселенген мөлшерінің 2%-ін қорға аударады. Бұл ретте ай сайынғы төлем 8500 теңгеден аспайды. Жеке кәсіпкерлер үшін өзгеріс жоқ. Олар бұрынғысынша 42 500 теңгенің 1,4 еселенген көлемінің 5%-ін төлеуі тиіс. Салық органдарына тіркелмей өзін өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар да жиынтық әлеуметтік төлемді төлеу арқылы өзін сақтандыра алады. Ол үшін 1 айлық есептік көрсеткіш көлемін аударады. Ал ауыл-аймақтағы ағайынға сол 2197 теңгенің жартысын төлесе, жеткілікті болмақ.

- Яғни, бір оқпен 2-3 қоян атып алады азамат. Біріншіден, біздің жарнаны төлейді, әрдайым сақтандырылғандардың құрамында болады. Екіншіден, зейнетақысы, табыс салығы да жүріп отырады. Сосын денсаулық жарамдылығы, бала күтіміне қатысты төлемдер жасалатын әлеуметтік сақтандыру мәселесі де жүріп отырады. Сондықтан әлеуметтік жиынтық төлем төлеген тиімдірек. Өйткені ол үшін ешқайда тіркелудің, есеп тапсырудың ешқандай қажеті жоқ, - дейді Бақыт Исмаханбетов, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ облыс бойынша филиал директоры

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді