"СК-Фармация"экс-басшысының ісі сотқа жолданады

inbusiness.kz
"СК-Фармация" экс-басшысына қандай жаза кесілетінін, Шпекбаевтың айтуынша, сот анықтайды.

"СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісін сотқа жолдау жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Қазірдің өзінде іспен танысып жатыр, іс жақын арада сотқа жолданады. Тергеу аяқталды, - деді агенттік басшысы.

"СК-Фармация" экс-басшысына қандай жаза кесілетінін, Шпекбаевтың айтуынша, сот анықтайды.

- Демек, ол қазірдің өзінде кінәлі деп танылған ба? - деп сұрады журналистер.

Иә, ол қазірдің өзінде ... іспен танысып жатыр, адвокаттар бірқатар сауалды алға тартты. Ең бастысы, тергеу аяқталды. Іспен танысу жақын күндері аяқталуы керек. Содан соң іс сотқа жіберіледі, - деп жауап берді Шпекбаев.

Ол бастапқыда "СК-Фармация" экс-басшысына қызметтік міндеттерін асыра пайдаланды деген айып тағылғанын, енді іс абайсыздық бабы бойынша қайта қарастырылғанын да айта кетті.

2020 жылдың 14 тамызында сот санкциясымен Берік Шәріп қамауға алынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды