Мәжілістегі комитеттердің басшылары сайланды

Ақорда
Екі комитетке "Nur Otan"-нан басқа партиялардан өкілдер тағайындалды.

15 қаңтарда екі комитеттің, яғни "Аграрлық мәселелер комитеті" мен Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің төрағалары оппозициялық фракциядан ұсынылды. Ал қалған бес комитетке "Nur Otan" фракциясынан түскен депуттатар арасынан басшы таңдалып, сайланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сонымен Аграрлық мәселелер комитетіне "Ақ жол" партиясының өкілі Ерлан Барлыбаев, Экология мәселелелері және табиғатты пайдалану комитетіне Қазақстан халық партиясының өкілі Александр Милютин сайланды.

Қалған бесеуі - "Nur Otan" фракциясынан:

Әлеуметтік мәдени даму комитеті - Жәмилә Нұрманбетова,

Заңнама және сот құқықтық реформа комитеті - Қанат Мусин,

Қаржы және бюджет комитеті - Марат Құсайынов,

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті - Айгүл Құспан,

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті - Алберт Рау төрағалық етеді.

Сондай-ақ жиында комитет мүшелері және электрондық жүйенің қолданылауын бақылау жөніндегі уақытша комиссия мүшелері де сайланды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі