Алматы облысы мәслихатының хатшысы болып Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы сайланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның кандидатурасын "Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Амандық Баталовтың, партияның облыстық филиалы Саяси кеңесінің бюросының, сондай-ақ облыстық мәслихаттың VII шақырылым депутаттарының дауыс беруі арқылы ұсынылды.
Аймақ басшысы Амандық Баталов мәслихат сессиясында облыстық мәслихаттың жаңа хатшысын құттықтап, VII шақырылым депутаттарына жемісті еңбек тіледі.
Жанболат Жөргенбаев өзінің еңбек қызметін 1977 жылы Кеген ауданының Қарқара сүт және ет совхозының жұмысшысы ретінде бастады.
Әр жылдары ол Талғар облысында басшылық қызметтерде жұмыс істеді.
1998-2003 жылдары - Алматы облысының бірнеше аудандары мен қалалары әкімінің орынбасары.
2003 жылдан бастап 2009 жылға дейін "Еділ Ақсу" консорциумы", "Ақсу", "Қарасай Құрылыс" ЖШС-ларында басшылық қызметтер атқарды. 2019 жылдың желтоқсан айынан "Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.