Қазақстанда Еңбек министрі жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Енді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін Серік Шапкенов басқаратын болды.
Оның алдында министрлік тізгіні Біржан Нұрымбетовте болып келген.
Шапкеновтің тағайындауы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Қаулыда қамтылған.
Шапкенов Серік Жамбылұлы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, - делінген Ақорда хабарламасында.
Шапкенов 1979 жылы 29 шілдеде Орал облысында дүниеге келген.
2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономика және математика мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған. Осы жылдары ол Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құрылымында жұмыс істеді.
2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.
2015-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2016 жылдан 2018 жылға дейін Атырау қаласының әкімі болып жұмыс істеді.
2018 жылдан 2020 жылға дейін - Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2020 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.