Нығматулин Мәжілістің жаңа сессиядағы негізгі басымдықтарын атады

Ж.Құспанов
Парламенттің құрылғанына 25 жыл толатын ерекше кезеңде өз жұмысын бастап отыр.

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Мәжіліс Төрағасы күн тәртібіне кіріспес бұрын VII шақырылымдағы I сессияның ашылуында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың депутаттық корпусқа жүктеген нақты міндеттері туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, VII шақырылым Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл, Парламенттің құрылғанына 25 жыл толатын ерекше кезеңде өз жұмысын бастап отыр.

Осыған байланысты, Мемлекет Басшысы сессияның ашылуында бүгінгі жеткен жетістіктерімізді сақтап, одан әрі дамыту жолындағы жаңа мақсаттар туралы айтты. Оның ішінде, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, саяси бағыттарға баса назар аударылатынын жеткізген Мәжіліс Төрағасы:

- Олардың барлығын тиісті заңдармен қамтамасыз ететін ол, әрине, біздің Парламент. Сол үшін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сессияның ашылуында депутаттардан сапалы заңдар талап ететінін ерекше атап өтті. Ол заңдар, ең алдымен, халықтың өмір сапасын, білім, денсаулық салаларын жақсартуға, әлеуметтік қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнесті қолдауға ықпал етуге тиіс. Сондықтан, біздің басты мақсатымыз – жоспарға сәйкес, өз уақытында, халыққа қажетті, пайдалы заңдар қабылдау, - деді Нұрлан Нығматулин.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді