Атырауда жарықтың қайта-қайта өшуіне Арал тұзының "кінәсі" болуы мүмкін

"KEGOK" АҚ мұның себебін табиғаттың мінезіне сілтеуде.

10 қаңтардан бастап Атырау облысында тұрғын үй кешендері орналасқан аудандарда жарық қайта-қайта өшіп қалып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

"KEGOK" АҚ мұның себебін табиғаттың мінезіне сілтеуде.

10 және 15 қаңтарда ауа-райының көктайғақ түзілуі, жаңбыр мен қар түрінде айтарлықтай нашарлауына байланысты, 220 кВ кернеулі "Индер - Атырау", "Атырау - Құлсары" жоғары вольтты электр тарату желілері ажыратылып, Атырау мен Маңғыстау облыстарының бір бөлігі оқшауланған жұмысқа бөлінді, делінген компания хабарламасында.

Ақ Жайық басылымы хабарлағандай, кейін технологиялық ақауды тексеру үшін комиссия құрылған.

Ажыратылуға технологиялық немесе экологиялық жағдай себеп болды ма, оны тек комиссия анықтайды. Арнайы брифингте "KEGOS" АҚ "Батыс жүйеаралық электр желілері" облыстық филиалының директоры Константин ЧЕРНОХАЕВ оны былайша тарқатуға тырысты:

- Біз Атырау тұрғындарының пікірлерін көріп отырмыз - жел жоқта азғана жауған жаңбыр осындай маңызды нысандардың ажыратылуына қалай әкелді? Бірақ бұл жай жаңбыр емес. Бұрын, керісінше, мұндай "профилактикалық" жаңбыр оқшауламаның шаңын шайып, бұл жабдық үшін пайдалы болатын. Өкінішке орай, бұл жолы жаңбыр "тосын сый" болды - оның құрамында сымдардың оқшауламасын бұзатын әлдебір зат болды. Ол кеуіп болғанша, 30 жыл және одан көп тәжірибесі бар энергетиктерн алғаш рет осындай жағдайға тап болдық. Бұл процестің мәнін түсіну үшін сараптама тағайындалды, Атырау мен басқа қалалардың зертханалары тартылды, жердің, судың және изоляторлар шайындыларының сынамалары жіберілді. Себебін анықтаймыз деп үміттенеміз, - деді ол.

Оның айтуынша, бұл Каспий не Арал теңізінің тұздары болуы мүмкін.

- Оған ток өткізгіш қабаттың қонуы салдарынан электр оқшауламасының бұзылуы себеп болды. Құрамында не болғанын қазір айта алмаймыз. Мүмкін бұл желмен көтеріліп, әлдебір циклонға шоғырланған Каспий немесе Арал теңіздерінің тұзы шығар. Мүмкін басқа бір нәрсе шығар. Қазір мұнымен арнайы құрылған комиссия айналысуда, - деді ол.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: