Жүргізушілерге көлік құжаттарын өзімен алып жүрмеу бақыты бұйырады

КТ.kz
Заң мемлекет басшысы қол қойғаннан кейін ресми түрде күшіне енеді.

Қазақстандағы көлік жүргізушілері алдағы уақытта жүргізуші куәлігі мен көліктің тіркеу туралы құжатын өзімен бірге алып жүру міндетінен құтылады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Сенат жол қозғалысы мәселелері жөніндегі заңнамаға түзетулерді қабылдады.

Заң жобасы қолданыстағы заңдардан Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігі мен көлік құралының тіркеу туралы куәлігін өзімен бірге алып жүруді міндеттейтін норманы алып тастауды көздейді.

Енді полиция қызметкері тоқтатқан жағдайда жүргізуші тек жеке куәлігін ғана көрсете алады, жеке куәлік бойынша полиция қызметкері планшеттің көмегімен қалған құжаттарды өзі тексеретін болады, - деді депутат Нұрлан Бекназаров Сенаттың пленарлық отырысында.

Сонымен қатар, қолында жүргізуші куәлігі мен көлік құралының тіркеу туралы куәлігі жоқ болғаны үшін әкімшілік жауапкершілік те жойылады.

Бұл өзгерістер мен толықтырулар өзге елде тіркелген көлік пен шетелдік жүргізушілерге жүрмейді, олар қажетті құжаттарды ұсынуға міндетті, - деп қосты сенатор.

Заң жобасы бойынша енді жасы 10 жылдан асқан автобустарды алғашқы тіркеуге қоюға тыйым салынады. Бұл норма 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Еліміздегі әрбір үшінші автобустың зауыттан шыққанына 20 жылдан асып кеткен. Бұл көрсеткіш жол-көлік апаттарының санын арттырып, азаматтар үшін ауыр салдарларға әкеп соғады, сол себепті жолаушы таситын автобустар паркін жаңарту қажеттігі туындап отыр, - деп түсіндірді Бекназаров.

Заң мемлекет басшысы қол қойғаннан кейін ресми түрде күшіне енеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады