Ескі 2000, 5000, 10000 теңгелердің мерзімі аяқталады

ҚР Ұлттық банкі
2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Ұлттық Банктің филиалдары 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатады.

Ұлттық банктің Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау мерзімін ұзарту туралы түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық Банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталып қалғанын еске салады. Жеке тұлғалар үшін банкноттар тек Ұлттық Банктің филиалдарында айырбасталады. Филиалдардың мекен-жайы мен байланыс құралдары банк сайтында орналасқан.

21 қаңтардағы жағдай бойынша банкноттарды ауыстыруға ең көп сұраныс білдіргендер Алматыда (23,6%), Нұр-Сұлтанда (9,2%) Шымкент қаласы мен Түркістан облысында (8,5%) тіркелді. Бұл ретте айырбастауға қабылданған барлық банкноттың 42,4%-ы 10 000 теңгелік номиналға тиесілі. Одан кейін номиналы 2 000 теңгелік (30,6%) және 5 000 теңгелік (27,0%) банкноттар болды.

Банкноттарды қабылдау мерзімін ұзарту туралы шешім тұрғындардың өтінішіне байланысты қабылданды. Кейбір азаматтар, негізінен, зейнет жасындағы адамдар, белгілі бір себептерге байланысты ескі банкноттарды уақытында айырбастап үлгермеген.

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Ұлттық Банктің филиалдары 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатады. Осыған байланысты, азаматтардан 2021 жылдың 1 ақпанына дейін көрсетілген банкноттарды ұлттық валютаның жарамды ақшаларына айырбастап алу үшін жақын жердегі филиалға хабарласуды сұраймыз.

Егер сізде қосымша сұрақтар туындап жатса, Ұлттық Банктің 1477 нөмірі арқылы байланыс орталығына хабарласып, жауап алуға болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Синоптиктер Алматыда ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты. Бір аптаға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" Алматы мен Өскемен тұрғындарына ескерту жасады

Қазақстандық альпинист Конституция мен домбыраны Памир шыңына алып шығып, патриотизмді паш етті

Ғалымдар құны алтыннан да қымбат болатын сирек кездесетін минералды тапты