"Барыс" Мәскеуде "Динамоны" ұтты

"Барыс" ХК
"Барыс" 55 ұпаймен Шығыс конференциясында сегізінші орында келеді.

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында "Барыс" Мәскеудің "Динамосын" сырт алаңда 2:0 есебімен ұтып кетті, деп хабарлайды zakon.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Екі шайба да бірінші кезеңде салынды. 16-ші минутта Джесси Блэкер, 19-шы минутта Павел Акользин шайба соқты.

Екінші кезеңде "Барыс" салған тағы бір шайбаны төрешілер санамай қойды.

Осы ойыннан кейін "Барыс" 55 ұпаймен Шығыс конференциясында сегізінші орында келеді. Бұған дейін "Барыс" 3:2 есебімен "Амурды" және 4:1 есебімен "Йокеритті" жеңген еді.

Енді Юрий Михайлис шәкірттері келесі ойынын 23 қаңтарда сырт алаңда "Витязге" қарсы өткізеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін