Қырғызстандағы малдың бәрін Өзбекстан сатып алуы мүмкін

Culzhan Turdubaeva (RFE/RL)
Қырғызстанның Өзбекстанға мал экспорты он есеге көбейген.

2020 жылы Қырғызстанның Өзбекстанға ірі қара және ұсақ мал экспорты 9,2 есеге көбейген. Мәліметке қарағанда, былтыр соңғы 11 айда Қырғызстан көрші елге 10,4 мың бас ірі мүйізді және 36 мың бас ұсақ мал экспорттаған, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Былтыр Қырғызстанның мал экспортының 98% Өзбекстанға тиесілі болған.

2020 жылдың қараша айында қырғыз үкіметі малды сыртқа сатуға уақытша тыйым салды. Ауыл шаруашылығы министрлігі мұны азық-түлік қауіпсіздігімен түсіндірген. Бұл шектеу бірқатар фермерлердің наразылығын туғызған.

Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекара көлемі 1378 шақырымды құрайды, бірақ оның 15 проценті әлі белгіленбеген. Ала-Бука ауданы тұрғыны бірқатар белгіленген аймақтардың өзінде ешқандай шектеу қойылмағандықтан, көрші елге мал айдау жеңіл дейді жергілікті тұрғындар.

Ресми статистика бойынша Қырғызстанда 2020 жылы азық-түлік 17,6%, ет 26,3%-ке қымбаттаған. Жылдың екінші жартысына дейін 350 сомнан сатылған ет бағасы жыл соңында 450-500 сомға дейін жеткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі