Экология вице-министрі қызметінен босатылды

ПМ
2019 жылғы тамыздан бастап ол ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Сергей Николаевич Громов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Үкіметтің ресми сайтындағы дерекке сүйенсек, Сергей Громов 1959 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген.

Әр жылдары аудан әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, аппарат басшысы, төраға орынбасары, "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының хатшысы, ҚР қорғаныс министрінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2013-2016 жылдары — ҚР Парламенті Сенатының V шақырылымының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

2016-2019 жылдары — ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары.

2019 жылғы тамыздан бастап ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті