Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы әкімдігі
Осы тағайындауға дейін ол Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары болды.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы болып Нәзира Тоғызбаева тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Нәзира Тоғызбаева Қызылорда қаласында туған. Тұрмыста, балалары бар.

Қызылорда политехникалық институтын "экономика және басқару" мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің аспирантурасын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

1999-2003 жылдары Қызылорда облысының әкімдігінде жұмыс істеген, жетекші маманнан бөлім басшысына дейінгі еңбек жолдарынан өткен. Сондай-ақ әр жылдары коммерциялық ұйымдарда жұмыс жасаған.

Алматы қаласының әкімдігінде 2016 жылдан бастап жұмыс істейді.

Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы, Алматы қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық Комиссияның хатшысы қызметтерін атқарған.

Осы тағайындауға дейін Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін