COVID-19: Алматыда кімге, қашан екпе салынады

Бүгінгі күні Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе мемлекет есебінен тегін жүргізіледі.

No4 қалалық емханада коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник В" вакцинасын пайдалану жайы туралы толық ақпарат берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласының No4 қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Зарина Алтынбекова емдеу мекемесінің өзінде 460 қызметкер жұмыс істейтінін, оның 270-і вакцинациялауға жатқызу жоспарланғанын айтты. Екпе үшін емхана екі вакцинация бөлмесін, вакцина салушы екі дәрігер мен екі мейірбикені және екі мәлімет тіркеуші маманды дайындады. Вакцинация бөлмесі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келеді.

Маман коронавирусқа қарсы екпенің егжей-тегжейін айтты. Бүгінгі күні Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе мемлекет есебінен тегін жүргізіледі.

Қоғамдық денсаулық сақтау кодексіне және денсаулық сақтау жүйесіне сәйкес әрбір азамат вакцинациядан жазбаша түрде бас тартуға құқылы.

• Бірінші кезеңде, 1 ақпаннан бастап: жұқпалы аурулар ауруханаларының медициналық қызметкерлері, жедел медициналық көмек қызметі, жан сақтау бөлімі, жедел жәрдем бөлмелері, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері вакцинациялауға болады.

• 1 наурызда басталатын екінші кезеңде: орта мектептер, жоғары оқу орындарының оқытушылары, орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары, медицина қызметкерлері вакцинация жасай алады.

• 1 сәуірде басталатын үшінші кезеңде: интернат, балабақша мұғалімдері, оқушылар мен созылмалы аурулары бар адамдарға вакцина егуге болады.

Әр адамға екі рет вакцина егіледі: І компонент 0,5 мл дозада, содан кейін 21-күн өткен соң II компонентпен 0,5 мл доза енгізіледі.

Қолдану көрсетілімдері: COVID-19-қа қарсы вакцинация медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ азаматтарға, өз келісімімен, 18 жастан асқан ересектерге COVID-19 вакцинациясын жүргізетін медициналық қызметкерлердің іс-қимыл алгоритміне сәйкес жүргізіледі.

Қолдануға қарсы көрсетілімдер:

• вакцинаның кез-келген компонентіне немесе құрамында ұқсас компоненттері бар вакцинаға жоғары сезімталдық;

• ауыр аллергиялық реакциялар барлары;

• жедел инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, созылмалы аурулардың өршуі; жүктілік және емізу кезеңі;

• 18 жасқа дейін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: