Қазақстан тұрғын үй салудан ТМД-да 1-ші орында

Бірақ тегін үй жоқ. Халыққа мемлекеттік бағдарламаларды тықпалап жатыр.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші жан басына шаққанда 0,81 шаршы метрге жетті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш және ол экономикалық дамыған елдердің деңгейіне жақындады. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша Ресейде – 0,56 шаршы метр, Беларуссияда – 0,45 шаршы метр, ал Өзбекстанда – бір адамға 0,36 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бұл көрсеткіш 2019 жылдан бастап өлшеніп келеді және кезегінен екінші жыл Қазақстан ТМД елдері арасында көшбасшы болды.

"Нұрлы жер" Мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасының шеңберінде халыққа қолайлы тұрмыстық жағдайлар жасау, тұрғын үйдің қол жетімділігі мен жайлылығын арттыру, сондай-ақ тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттары, - Жаймбетов Мархабат Жайымбетұлы, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы Бағдарламаның барлық қаржыландыру көздерінен бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру жөніндегі тапсырмасы аясында рекордтық 15,3 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 16,8% артық.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: