COVID-19-дың екінші толқыны. Тіс пастасымен қорғану туралы кеңес

tvzvezda.ru
Мамандардың тұжырымы бойынша, тіс пасталарының құрамына, әдетте вирустарды өлтіретін компоненттер кірмейді.

Қазақстандықтар COVID-19 екінші толқыны кезінде қорғану бойынша кеңестерімен бөлісуде. Желі пайдаланушылары ерекше әдіс – тіс пастасымен ингаляция жасауды ұсынуда, деп хабарлайды zakon.kz.

Stopfake.kz мәліметі бойынша, тіс пастасын сумен араластырып, қоспаны жылытып, онымен дем алу керек екен.

Көру қабілетінің бұзылуы, остеохондроз және арықтау проблемаларын емдеуге мамандандырылған жеке қонақүй клиникасының негізін қалаушы доктор Картавенко осындай кеңес береді. Мекеменің сайтында қытай медицинасы академияларының дипломдары және клиниканың қызметіне рұқсат беретін мерзімсіз лицензия орналастырылған.

Өкінішке орай, бұл көмектеспейді, делінген хабарламада.

Мамандардың тұжырымы бойынша, тіс пасталарының құрамына, әдетте вирустарды өлтіретін компоненттер кірмейді.

Дегенмен, тіс тазалау кезінде тіс пастасын кездейсоқ жұтып қойған желі қолданушылары бұл өте жағымсыз сезім дейді.

Әлем дәрігерлерінің пікірінше, коронавирустық инфекцияның алдын алудың ең жақсы және тиімді шаралары – маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қолды сабынмен жиі жуу және адамдар көп жиналатын жерлерге барудан бас тарту.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі