2021 жылғы 26 қаңтарда Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап.
Заңмен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік алынып тасталды.
Егер бұрын меншік иесі құқықтардың туындауын тіркеуге уақтылы жүгінбеген жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылса, қазір меншік иесі осындай жауапкершіліктен босатылды.
Мысалы, 2019 жылы 14 869 тұлғаға, 2020 жылы 9686 тұлғаға қатысты ескертулер шығарылды.
Бұл норманың қабылдануы өзгерген жылжымайтын мүлік иесі туралы құқықтық кадастрға уақтылы ақпарат енгізуге мүмкіндік беретін электрондық тіркеуді сәтті қолдану себеп болды.
Осыған байланысты жылжымайтын мүлікті тіркеу саласындағы әкімшілік жауапкершілік туралы норма өзектілігін жоғалтты.
Сондай-ақ, қатысушы жарғылық капиталдағы үлесін иеліктен шығарған кезде шаруашылық серіктестікті қайта тіркеу үшін қажетті құжаттар тізбесі белгіленген.
Жалпы алғанда, Заң жылжымайтын мүлікке және заңды тұлғаларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібін оңайлатуға бағытталған.