НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг альянстың әскери комитеті мүшелерінен өз елдерінің қорғаныс әлеуетін қолдауға және Ресейдің "агрессиялық әрекеттеріне" жауап беруге дайын болуды сұрады, деп хабарлайды zakon.kz РБК-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы НАТО әскери комитетінің төрағасы Стюарт Пичтің альянстың сайтында жарияланған мәлімдемесінде айтылған.
Бас хатшы одақтастарды қорғаныс шығындарын көбейтуді, заманауи мүмкіндіктерге инвестиция салуды және біздің әскери күштеріміздің Ресей агрессиясы, терроризм және Қытайдың қарқынды дамуынан туындайтын қауіп сияқты сын-қатерлерге жауап беруге дайын болуын қамтамасыз етуге шақырады, - деді Стюарт Пич, НАТО әскери комитетінің төрағасы.
Столтенбергтің айтуынша, Солтүстік Атлантикалық Альянс мүшелерінің демократиялық тәртібі мен құндылықтарына "сындарлы сәт" туып тұр.