Шпекбаев: Пандемияда кейбір шенеунік өз лауазымын жеке бизнесі секілді қарастырған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 100 қылмыстық істі тіркеді, оның жартысына жуығы дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаражатты жымқыру фактісі болып келеді.

Пандемияда кейбір шенеуніктер мен топ-менеджерлер өз лауазымдарын жоғары рентабельді жеке бизнесі секілді қабылдады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Шпекбаев атап өткендей, 2020 жыл адамзат тарихындағы ең қиын жылдардың біріне айналды. Әлемдегі елдердің мемлекеттік аппараты бұрын-соңды болып көрмеген сынақтан өтті, өйткені олар өздеріне деген халықтың сенімі жаппай төмендеген жағдайға тап келді.

Пандемия кезінде, адамдар билікке үміт артқан кезде, кейбір ашкөз шенеуніктер мен топ-менеджерлер заңнан да, Құдайдан да қорықпай, өз лауазымдарын жоғары табысты жеке бизнес секілді қабылдады,бюджет қаражатын ұрлаумен айналысу және жүйелі түрде пара алу дегендей. Өз халқыңның қайғысынан баюды көздеу - сатқындық пен кісі өлтірумен тең, - деді Алик Шпекбаев.

Оның айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 100 қылмыстық істі тіркеді, оның жартысына жуығы дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаражатты жымқыру фактісі болып келеді. 2 миллиард теңгеден астам сомаға аса жоғары бағамен 132 жасанды тыныс алу аппаратын сатып алу фактісінің жолы кесілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: