Қазақстандық журналист Михаил Дорофеев өмірден озды

zakon.kz
2015 жылдан бері ақпараттық-сараптамалық Informburo.kz сайтында бас редактор болған.

Алматыда 48 жасында қазақстандық белгілі журналист, Informburo.kz сайты мен 31 арнадағы "Информбюро" бағдарламасының редакторы Михаил Дорофеев қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Михаил Дорофеев 25 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның түрлі БАҚ-тарында еңбек етті. Еңбек жолын Атырау облысында бастаған, кейін республикалық КТК телеарнасында, "Экспресс К", "Город" және "Мегаполис" газеттерінде жұмыс істеді.

"Астана қ. телевизиясы" ЖШС-інде бас директор, "Эра" телекомпаниясы" ЖШС-інің бас продюсері болды.

Әр жылдары "Портрет недели" (КТК), "Формула личности" (Қазақстан, Астана-ТВ), "Тема" ("Астана" телеарнасы), "Открытый диалог" ("Хабар") бағдарламаларын жүргізді. ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты (2018 г.), Қазақстан Журналистер академиясының академигі.

2015 жылдан бері ақпараттық-сараптамалық Informburo.kz сайтында бас редактор болған.

zakon.kz редакциясы марқұмның отбасы мен туыс-жақындарына көңіл айтады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді