Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов болды

primeminister.kz
Ол алдында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары болды.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Нариман Талғатұлы Жүнісов ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Нариман Жүнісов 1981 жылы туған.

Омбы мемлекеттік аграрлық университетін (2003), Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін (2007) бітірген. 2019 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін "балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы жекеменшік секторда бастаған.

2007 жылдан 2013 жыл аралығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2013-2014 жж. – ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары.

2014-2016 жж. – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары.

2016-2019 жж. – ҚР Ауыл шаруашылығы және жануарлар дүниесі министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің балық ресурстарын молайту және акваөсіру басқармасының басшысы.

2019 жылғы маусымнан қыркүйекке дейін — ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы.

2019 жылғы қыркүйектен бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты