"Первый пошел", деп жіберді желіде саяси белсенді боп жүрген Тоғжан Қожалиева.
Aлиджан Ибрагимовтың қайтыс болғанын меңзесе керек:
Иманы сәламат болсын. Мен не дейін? Қазақстанда қырып ақша тапты. Бельгияға барып, емделіп кетемін деп үміттенген. Тоқмақта жерленеді. Оның отаны бұл жерде емес. Қазақстандағы дәрігерлердің білімі мен Қазақстанның медицинасына ақшасын салғанда, осы жерде-ақ емделіп кетер ме еді. Несімен есте қалды? Кеңселері зор еді, қызметкерлерінің жалақысы жоғары еді. Ақшаны "отмывать ететін" сақтандыру компаниясы болды, анда-санда қайырымдылық жасайтыны бар еді... Ең бастысы, өзінің көптеген пайдалы қазбалар жобалары болды. Осының бәрі сонша маңызды ма еді? О дүниеге бәрібір тыр жалаңаш кетіп, Құдайдың алдында бәрібір жауап беретін болсаң, деп сүйкеп жіберді пост авторы?