Алакөл көлінің жағалауын бекіту жұмыстары биыл аяқталады

Айдынды Алакөлде 264 демалыс орны жұмыс істейді.

Алматы облысы Алакөл көлінде былтыр басталған жағалауды бекіту жұмыстарын биыл аяқтау көзделіп отыр. Соның нәтижесінде Алакөл жағалауы ұзындығы 13,55 км болатын қорғаныс құрылысымен бекемдене түспек. Оның 10,150 шақырымы – Ақши, 3,4 км Көктұма жағынан орнатылула. Жағалаудағы қорғаныс дамбасы 3 метрлік толқынға төтеп береді, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық құрылыс басқармасының мәліметіне сүйенсек, көлдің литодинамикалық жүйесін сақтай отырып, жағалаудың одан әрі бұзылуын болдырмау және осы аумақтың рекреациялық тартымдылығын арттыру және Ақши мен Көктұмдағы ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алакөл көлі бөгетінің құрылысы жобасы жүзеге асырылады. Жобаны іске асыру өз кезегінде жасанды жағажайлар құру арқылы жағалауларды қорғауға мүмкіндік береді, ал жаяу жүргіншілер жағалауының құрылысы Ақши мен Көктұм аумағында орналасқан демалыс аймақтарының рекреациялық әлеуеті мен тартымдылығын айтарлықтай жақсарта түспек. Бұл өз кезегінде аймақтың экономикалық дамуына ықпал етеді.

Жағалаудағы қорғаныс бөгеті 3 м биіктіктегі толқындарға төтеп беруге лайықталған, бұл жасанды бөгет малтатас жағажайының қалыптастыруына байланысты жасалған. Жасанды малтатас жағажайы жағалау аймағында табиғи су алмасуды сақтауға ықпал етеді, су өзінің тазалығы мен мөлдірлігін сақтайды.

Атап өтсек, іске асырылып жатқан жоба "Қоршаған ортаны қорғау объектілерін дамыту" бюджеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Құрылыс жұмыстарының жалпы құны - 6,8 млрд теңге.

Алакөл аудандық әкімдігінің мәліметіне қарағанда, айдынды Алакөлде 264 демалыс орны жұмыс істейді. Олар күніне 23 мыңнан астам туристі қабылдап, қызмет көрсетуге қауқарлы. Мәселен, өткен жылы Алакөл жағалауында саябақ пен жағажай волейболы, футбол және үлкен теннис алаңдары жасалып, қолданысқа берілген еді. Сол сияқты кең көлемді амфитеатр салынып, субұрқақ іске қосылған. Жалпы 2020 жылы көл жағалауында демалушыларға 4 млрд 790 млн теңгенің қызметі көрсетілген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: