2021 жылы Павлодар облысына 2 600 адам қоныс аударады

pavlodarnews.kz
Қоныс аударушыларға 232 пәтер берліді: 45-і Павлодар қаласында, 63 пәтер Ақсу қаласында және Железин мен Май аудандарында 45 пәтер жалға ұсынылды.

2021 жылы "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында еліміздің оңтүстік өңірінен Павлодар облысына 2600 адам қоныс аударады, деп хабарлайды zakon.kz Pavlodarnews.kz-ға сілтеме жасап.

- Оның ішінде 500-і - өзге мемлекеттерден келетін қандастар. Бағдарламаның негізгі қағидаты - біздің өңірге қажет білікті кадрларды тарту. Біріншіден кезекте білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп саласына қажет мамандар тартылады. 2020 жылы мұғалімдер, дәрігерлер, медбикелер мен механизаторлар көшіп келген еді, - дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова өңірлік коммуникациялар қызметі онлайн форматта өткізген баспасөз конференциясында

Басқарма басшысының айтуынша, Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары көбінесе Павлодар өңірін көбінесе таңдайды. "Нұрлы Ертіс" бағдарламасымен онтүстік Қазақстаннан қоныс аударған 1546 отбасының екеуі климатқа шыдамаған соң қайта көшіп кеткен.

- Қоныс аударушылардың 54% еңбекке қабілетті жаста, олардың басым бөлігі жұмысқа орналасқан. 5% өз ісін ашуға гранттар алса, 3% кәсіпкерлікпен айналысады, тағы сонша адам кәсіптік оқудан өтеді. "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша өткен жылы еңбек күші артық өңірлерден қоныс аударушылар үшін 307 пәтер сатып алынды. Олардың 75-і қоныстанып үлгерген, - дейді Альмира Дисюпова.

Қоныс аударушыларға 232 пәтер берліді: 45-і Павлодар қаласында, 63 пәтер Ақсу қаласында және Железин мен Май аудандарында 45 пәтер жалға ұсынылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты