Тоқаев қаржы министріне тапсырмалар берді

Ақорда
Президент мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіру қажеттігіне тоқталды.

Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің 2020 жылы атқарған жұмыстарының нәтижелері, Президент Жолдауында қаржы саласына қатысты айтылған тапсырмаларының орындалу барысы, ведомствоның алдағы негізгі міндеттері жайында баяндалды.

Министр бюджеттің тең бөлінуін қамтамасыз ету, салық-кеден әкімшілігін цифрландыру, көлеңкелі экономиканың көлемін азайту, мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыру, сатып алу мен мемлекеттік аудит жүйелерін жетілдіру туралы айтты.

Мемлекет басшысы үш жылдық республикалық бюджетті оңтайландыруға және сапалы әзірлеуге қатысты бірқатар тапсырма берді. Қасым-Жомарт Тоқаев салық-кеден әкімшілігін цифрландыру жұмысын толық ойластырып, белгіленген мерзімде орындаудың маңыздылығын атап өтті.

Президент мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіру қажеттігіне тоқталды. Оның айтуынша, ұсынылып отырған барлық жаңа заңнамалық бастамалар әбден пысықталуы тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудиторлық қызмет тиімді болуы қажет және ресми органдардың негізсіз бюджеттік шығындарын анықтап, оның алдын алу шараларына баса мән беруі керек деп санайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды