Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Digital Almaty"форумына қатысушыларды видео арқылы құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтанда Назарбаев Университетінің базасында Дүниежүзілік банкпен бірге жасанды зерденің ұлттық кластері құрылып жатқанын айтты.
Деректерді өңдеу орталықтары құрылып жатыр. Біз 500 миллиард теңге инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз. Біз ЕАЭО мен аймақтағы серіктестерді ынтымақтастыққа шақырамыз. Салық саласында блокчейн енгізілетін болады. Салық органдары цифрландыру бойынша Ресеймен өзара байланыс орнатты, - деді Тоқаев.
Сондай-ақ, оның айтуынша, дәрі-дәрмектерді таратудың ұлттық жүйесі, құжат базасын заңды танудың электрондық форматы енгізіледі.
Мемлекеттік қызметтер белсенділік, үйлесімділік қағидаттарына сәйкес, яғни азаматтардың мәселелерін бір мезетте шеше алатын режимде жұмыс істейтін болады. Тиімділік ұлттық ақпараттық жүйелердің үйлесімділігіне, көршілер арасындағы ақпараттар ағынына байланысты. Бірақ интеграция қосымша дамуды қажет етеді, - деді Президент.
Мемлекет басшысы өсіп жатқан цифрлық мүмкіндіктерді орынды пайдалану өзіндік жауапкершілікті жүктейтінін айтты.
Тоқаевтың айтуынша, ІТ дамуын адамның қауіпсіздігі мен дамуы тұрғысында заң шеңберінде қарастыру қажет.
Жаңа технологиялардың арқасында жұмыс күшінің бір бөлігін босап қалуда, бұл - шешімі табылмаған күрделі мәселе. Бірақ жаңа технологиялар адамзаттың өз кеңістігінен айырмайтынына сенімдімін. - деді Тоқаев.