Талғардағы МӘС бөлімінің дөрекі қызметкерлерін тексеру басталды

видеодан кадр
Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланады.

Еңбек әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті Талғар қаласының №4 медициналық–әлеуметтік сараптама (МӘС) бөлімінің қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеу жүргізеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Тексеру №4 МӘС бөлімінің қызмет алушыларының қызметкерлердің олармен дөрекі қарым-қатынас жасауына шағымдары негізінде басталған. Әрбір жағдайды қарау барысында МӘС барлық бөлімдерінде орнатылған жабдықта жүргізілетін аудио - және бейнежазбалар пайдаланылатын болады.

Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланады.

Бұған дейін Департаменттің әдіснама және бақылау бөлімі №4 МӘС бөлімінде куәландырудан өткен және онда мүгедек деп танылмаған 5 азаматтың шағымы бойынша куәландыру жүргізді. Шағымданған жағдайларды қарау нәтижелері бойынша қорытындылар негізді деп танылды, өйткені медициналық құжаттарды объективті қарау және талдау кезінде азаматтарда организм функцияларының тұрақты бұзылуы және тіршілік әрекетінің шектелуі анықталған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына" сәйкес МӘС бөліміндегі сараптамалық қорытындылар МӘС куәландыруға құжат тапсырған азаматқа қызмет көрсететін медициналық ұйым ресімдейтін ұсынылған медициналық құжаттарды объективті тексеру, талдау негізінде шығарылады. Тексерулердің толықтығы, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізу, пациенттерді МӘС-ке жіберудің уақтылығы мен негізділігі үшін медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясы жауапты болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды