Қазақстанның Есеп комитеті 2020 жылға арналған, соның ішінде коронавирус пандемиясы кезеңіндегі бюджет қаражатын пайдалану бойынша жұмыс қорытындысын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
Осылайша, COVID-19 пандемиясы жағдайында экономиканы қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы қаражатты тиімді пайдалануды бақылау бойынша 2,2 трлн теңге қамтылды.
344 миллиард теңгенің заң бұзушылықтары анықталды, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар - 34 миллиард теңге; қаражатты тиімсіз жоспарлау және пайдалану - 310 миллиард теңгені құрады, ал 146 млрд теңге өтеліп, орнына қойылды, - делінген есепте.
Жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде 18 млн теңге көлемінде заң бұзушылықтарға жол берілген.
Негізгі кемшіліктер мыналар:
КВИ-мен күреске бөлінген
Жұмыспен қамтудың жол картасынан да заң бұзушылықтар анықталды.
Оны игеруге 1 трлн теңге бөлінді. Сонымен бірге 96 млрд теңгегнің заң бұзушылықтар тіркелді, 72 факт бойынша істер құқық қорғау органдарына жіберілді, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін - 339 факт тіркелді, олар бойынша 196 адам жауапқа тартылды.
Аудит барысында Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асырудағы кемшіліктер анықталды, оның ішінде:
- карта талаптарының мердігердің міндеттемелерінде болмауы немесе ішінара бекітілуі (келісімшарттардың 8% -ында);
- жұмыспен қамтылудың қысқа мерзімді сипаты (орта есеппен 1-2 ай ішінде);
- жұмыспен қамту сенімділігінің расталуына бақылаудың жоқтығы (34% -да зейнетақы жарналары жоқ);
- іске асырылатын жобалардың елді-мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға әсерінің болмауы.
Агроөнеркәсіптік кешен бойынша да 49 миллиард теңгенің заң бұзушылықтары анықталды.
12 факт бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді, 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен бірге Есеп комитеті бірқатар кемшіліктерді атап өтті:
- қаржыландыру қажеттілігін растамай шығындарды жоспарлау;
- бюджет қаражатының атаулылығын сақтамау;
- жүзеге асырылып жатқан жобаларға жергілікті билік органдарының әлсіз мониторингі.
Бизнестің жол картасына аудит жүргізу кезінде 35 миллиард теңгенің заң бұзушылықтары анықталды.
Квазимемлекеттік сектордағы активтерді басқару тиімділігі де бағаланды.
Сонымен, 21 триллион теңгенің шығындарына мониторинг жүргізіліп, 386 миллиард теңге бойынша заң бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
- тиімсіз пайдалану - 324 млрд теңге;
- қаржылық бұзушылықтар - 59 миллиард теңге, оның ішінде бухгалтерлік есептіліктегі қате - 41 миллиард теңге;
тиімсіз жоспарлау - 3 миллиард теңге.
Оның тек 8 миллиард теңгесі мемлекетке қайтарылды.
Есеп комитетінің мәліметтері бойынша бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану 3 есе, пайдаланылмаған бюджет қаражатының өсуі 3,5 есе өсті.