ҚР ІІМ көлік жүргізушілеріне ескерту жасады

lukoil-shop.ru
Демалыс күндері 27 жазатайым оқиға орын алды.

Ауа-райының нашарлауы еліміздің жолдарындағы қауіп-қатерді жоғарлатуы мүмкін, деп мәлімдеді брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ауа-райының нашарлауы, кейбір облыстарда қардың қалың түсуі еліміздің жолдарындағы қауіп-қатерді жоғарлатуы мүмкін. Әсіресе, ауылдық жолдарда. Сарапшылар бұл күндері жүргізушілерге ұзақ сапарға шығудан аулақ болуға кеңес береді, әсіресе желді және бұрқасынды көктайғақ жағдайында. Жолдарда мұқият болыңыздар, жылдамдық пен арақашықтықты сақтаңыздар. Әсіресе, балалар білім беру мекемелерінің жанында, қоғамдық көлік аялдамалары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінде. Демалыс күндері 27 жазатайым оқиға орын алды, салдарынан 5 адам қайтыс болды, 22 адам жарақат алды, - деді Ораз.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК 8 ақпанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде циклон жүретінін және онымен байланысты атмосфералық фронттар жауын-шашын (жаңбыр, қар) туыдыратынын, солтүстікте қар жауады деп хабарлаған. Тек еліміздің батыс өңірінде жауын-шашын болмайды деп күтіледі. Республикамыздың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, желдің күшеюі күтіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді