Қазақстандықтар енді көлік жүргізу куәлігі мен техникалық құжатты өзімен бірге алып жүрмеуіне болады. Бұл заң 2 ақпанда жарияланған әрі ол 13 ақпанда өз күшіне енеді, деді брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
1 ақпанда Мемлекет басшысы Қазақстанда көлікке берілген техникалық құжатты өзімен алып жүруіне немесе оны көрсетпеуіне мүмкіндік беретін заңға қол қойды. Бұл заң 2 ақпанда жарияланған әрі ол 13 ақпанда өз күшіне енеді. Сонымен бірге, сіздердің назарларыңызға иерархияда жол қозғалысы ережесіне қарағанда заңнаманың нормативтік құқықтық актілер әрдайым жоғары тұратынына назар аударамын, осы жағынан алғанда 13 ақпаннан бастап осы құжаттарды өздеріңізбен бірге алып жүрудің қажеттілігі болмайды, - деді Түсіпов.
Қол қойылған заңға қарамастан, ол бұл құжаттардың болашақта рәсімделе беретінін айтты, өйткені көлік жүргізуші куәліктері мен техникалық төлқұжаттар әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызмет болып табылады.
Жыл сайын біз 500 мыңға жуық жүргізуші куәлігі мен 1,5 миллионға жуық көлік құралын тіркеу куәлігін береміз. Біз бұл жұмысты жалғастыра береміз, бұл құжаттар біздің азаматтардың халықаралық қозғалысқа қатысуы үшін, сондай-ақ олардың жұмысқа орналасуы, көлік сату және басқа да азаматтық-құқықтық қатынастарға қажет. Жүргізушінің жұмысқа орналасу біліктілігін растауды қоса алғанда, - деді Комитет басшысының орынбасары.
Егер полиция қызметкері құжаттарды көрсетуді талап етсе, онда ішкі істер министрлігінде көрсетілгендей, автокөлік жүргізушісі 102 нөміріне немесе ішкі қауіпсіздік бөліміне қоңырау шала алады, сондай-ақ толтырылған әкімшілік хаттаманы сот арқылы жоя алады.
Біз бұл жерде көлік жүргізушілерінің құқықтарын шектемейміз. Бірақ әр қызметкерге жаңа заңның нормалары туралы ақпарат, нұсқаулық берілді, сондықтан мұндай жағдайлар болмайды, - деп сөзін қорытындылады Серік Түсіпов.