Сотталған суретші Мұқағали портретін салды

Ұлы ақынның суретін Семейдегі Абай атындағы кітапханаға табыс етті.

ШҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің ОВ-156/15 мекемесінің қызметкерлері ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығына орай Семей қаласының Абай атындағы кітапханасына ұлы ақынның суретін табыс етті.

Мұқағали Мақатаев - қазақтың әйгілі ақындарының бірі. 45 жас өмір сүрсе де өзінің артынан қаншама туындыларын қалдырған. Мұқағали атаның әр өлеңі өзінің мағынасымен, шынайылығымен, тазалығымен окырмандардын жүрегін баурап алып, ой салатындығы баршаға мәлім.

Темір тордың ар жағында күндері өтіп жатса да, сотталғандардың арасында шығармашылықпен айналысатын өнерлі азаматтар бар. Солардың бірі 2014 жылы жаңылысып жаза басып, қылмыс жасағаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылған сотталушы. Ол жазасын өтеудің алғашқы күндерінен бастап шығармашылық қызметпен айналысуға ниет білдірді. Қазақтың лирик ақыны Мұқағали Сүлейменұлының портретін арнайы салып, мерейтойға байланысты Семей шаһарындағы Абай атындағы кітапханаға сыйлады.

Мектеп оқып жүргенде сурет сабағын ұнатып, сурет үйірмесіне қатысып, шығармашылықпен айналысқанды жақсы көремін, - дейді жазасын өтеуші.

Шығармашылық - сотталғанның өмірінің ажырамас бөлігі. Қазір сотталушы өзінің барлық бос уақытын шығармашылыққа арнайды. Бұл оның жайлылығы, үміті және болашаққа деген сенімін артады, - дейді мекеме бастығының орынбасары Арслан Мухаметжанов.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: