Вакцинация науқаны: антидененің бар-жоғы туралы анықтама қажет пе?

Андрей Никеричев / АГН "Москва"
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және вакцинация жүргізетін елдердің ұсыныстарына сәйкес, вакцинация алдында антидененің бар-жоғына қатысты тексеру жүргізілмейді.

Қазақстанда жаппай вакцинация жүргізілуде. Алғашқы кезеңдерде қауіп тобына жататын адамдар вакцина алады. Егер вакцинаның көлемі мүмкіндік берсе, онда қалған қазақстандықтар да вакцинацияланады. Осыған байланысты "вакцина алудан бұрын антиденеге тексерілу қажет пе" деген сұрақ жиі қойылады. Оған ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және вакцинация жүргізетін елдердің ұсыныстарына сәйкес, вакцинация алдында антидененің бар-жоғына қатысты тексеру жүргізілмейді.

Клиникалық зерттеулердің мәліметтері көрсеткендей, COVID-19 мРНҚ вакцинасын CARID-CoV-2 инфекциясының белгілері бар адамдарға салуға болады. Адамдарға SARS-CoV-2 симптомы бар немесе симптомы білінбейтін белгілеріне қарамастан вакцина жасау ұсынылуы керек. SARS-CoV-2 инфекциясын бағалау үшін вирустарға тестілеу жүргізу туралы шешім қабылдау ұсынылмайды, - деді Ерлан Қиясов.

Сонымен қатар, КВИ-ге қарсы Sputnik V вакцинасын әзірлеген Ресейде Денсаулық сақтау министрлігі де вакцинацияға дайындық кезінде SARS-CoV-2 вирусына қарсы G және M класындағы иммуноглобулиндердің болуына зертханалық зерттеулер жүргізу міндетті емес екендігіне назар аудартқан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді