Шымкентте заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды

atpress.kz
Тәркіленген заттар мемлекет пайдасына өндірілді.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Шымкент қаласының тұрғындарына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, жалпыреспубликалық "Стоп-ойын" жедел іс-шарасы барысында, "Колос" мөлтек ауданы мен "Көктем" базары аумақтарында заңсыз ойынханаларды ұйымдастыру дерегімен айналысқан екі азаматтың заңсыз іс-әрекеттері әшкереленді.

Сот үкімімен, көрсетілген ұйымдастырушылар ҚР ҚК 307 бабы 1-б. (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1000 АЕК (2 778 000 теңге) айыппұл жазасы тағайындалды.

Тәркіленіп алынған айғақты заттар (2 телевизор, 9 жүйелі блок, 9 монитор, 3 ойын аппараты және басқа да құрылғылар) мемлекет пайдасына өндірілді.

Қаржылық мониторинг Агенттігі заңсыз ойын бизнесін белгіленген жерлерден басқа аймақтарда ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін қатаң ескертеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды