Тоқаев "Қазатомөнеркәсіп" басшысына нақты тапсырма берді

Ақорда
Тоқаев "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" басшысын қабылдады.

Мемлекет басшысы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президентіне ұлттық атом компаниясының 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндалды.

Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, компания коронавирус пандемиясына қарамастан алдына қойылған барлық міндетті орындаған. "Қазатомөнеркәсіп" акционерлік қоғамы үшінші жыл қатарынан өнім өткізу ісінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, уран өндіру және сату көлемі бойынша әлемдік нарықтағы көшбасшы мәртебесін сенімді түрде сақтап отыр.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына цифрлық трансформация бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, компаниядағы бизнес-процестердің жетілдірілуі және жылу бөлетін құрылғылар (ЖБҚ) шығаратын зауыт құрылысының аяқталуы жөнінде мәлімет берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазатомөнеркәсіп" басшысына бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды