Навальныйдың әйелі Германияға ұшып кетті

10 ақпанда Навальный штабының жетекшісі Леонид Волковқа халықаралық іздеу жарияланды.

Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың әйелі Юлия Ресейден Германияға ұшып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл деректі "Интерфакс" агенттігі таратты.

Агенттікпен сөйлескен дереккөз Юлия Навальнаяның Мәскеудегі "Домодедово" әуежайынан Майндегі Франкфурт бағытындағы рейспен ұшып кеткенін айтыпты.

Ал Юлия Навальнаяның адвокаты Светлана Давыдова бұл ақпаратты растамады, деп жазады ТАСС.

10 ақпанда Навальный штабының жетекшісі Леонид Волковқа халықаралық іздеу жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: