Сенат депутаты Сергей Ершов қараусыз қалған уран кен орындары мәселесін қозғады. Оның айтуынша, оларды ешкім қарамайды, ал бұл жақын маңдағы тұрғындар үшін өте қауіпті, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Атап айтқанда, Степногорскіде және басқа қалаларда өзім болып, көзімен көрдім. Ондағы кен орны мен техника "бұрқырап" қараусыз жатыр. Ешқандай күзет жоқ, ол арада адамдар, балалар жүр. Бұл өте қауіпті. Біз сіздің орынбасарларыңызға сұрақтар жолдадық, бірақ ешкім нақты ештеңе айтқан жоқ. Сіз бұл мәселені қалай шешпексіз? - деп сұрады сенатор атом энергиясын пайдалану туралы заң жобасын қарау кезінде министрлік басшысына.
Сұраққа жауап бере отырып, Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қарастырылып жатқан заңда радиациялық және ядролық қауіпсіздік туралы нормалар бар екенін атап өтті. Жұмыс заң шеңберінде жүзеге асырылады.
Министр сенаторға толығырақ жауапты жазбаша беруге уәде етті.
Ұсынылған заң жобасы қабылданып, Президентке қол қоюға жіберілді.