ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 9 ақпандағы шешіміне сәйкес, бес мемлекетпен тұрақты халықаралық жолаушылар рейстерін жаңғырту мен ұлғайтуға рұқсат етілді, деп хабарлайды zakon.kz.
1. Ресей - 7 рейске (әр тараптан аптасына 3-тен 10 рейске дейін):
- Нұр-Сұлтан - Мәскеу, әр тараптан аптасына 2-ден 4 рейске дейін;
- Алматы - Мәскеу, әр тараптан аптасына 1-ден 4 рейске дейін;
- Шымкент - Мәскеу, әр тараптан аптасына 1 рейстен қайта бастау;
- Ақтау - Мәскеу, әр тараптан аптасына 1 рейстен қайта бастау.
2. Мальдив - 3 рейске (аптасына 4-тен 7 рейске дейін):
- Алматы - Мале, қазақстандық әуе компаниялар үшін аптасына 4-тен 7 рейске дейін;
3. Қырғызстан -1 рейске (аптасына 2-ден 3 рейске дейін):
- Алматы - Бішкек, аптасына 2-ден 3 рейске дейін;
4. Өзбекстан – 1 рейске (әр тараптан аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін):
- Нұр-Сұлтан - Ташкент, әр тараптан аптасына 1-ден 2 рейске дейін;
5. Украина -1 рейске (аптасына 1-ден 2 рейске дейін):
- Нұр-Сұлтан - Киев, аптасына 1 рейсті қайта бастау.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.