12 ақпанда Қазақстанның Тұңғыш презизенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы 80 жасқа толды, деп хабарлайды zakon.kz.
Сара Алпысқызы Қунақаева (қыз кезіндегі тегі) 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы Қызылжар ауылында дүниеге келді.
1962 жылы Сара Алпысқызы Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шықты. Дариға, Динара, кейіннен Әлия сынды қыздары дүниеге келді.
Сара Алпысқызы "Бөбек" қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғысына білім алып, тәрбиеленуіне мән береді.
Ол кісінің бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып, "Үміт", жасөскіндер үйлері ашылды. Республикамыздағы колледждер мен жоғары оқу орындары және училищелерде білім алып жүрген жатқан жетім балалардың жағдайларына ерекше назар ұстап келеді. Сара Алпысқызы осындай жастарға ай сайын "Бөбек" қоры арқылы қайырымдылық көмек көрсетіп отырды.
Сара Алпысқызының "Өзіңді өзің таны" атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы болып табылады.
Сара Назарбаева қайырымдылық және жанашырлық саласындағы ерекше қызметтері үшін халықаралық ұйымдардың көптеген марапатына ие. Олардың арасында Ихсан Дограмачи атындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйлығы, Unity халықаралық сыйлығы, "Құрманжан Датка" сыйлығы сынды елеулі марапаттар бар. Сондай-ақ Шыңғыс Айтматовтың "Өзін-өзі тану философиясына қосқан зор үлесі үшін" алтын медалімен марапатталды. София Лореннің қолынан Сара Алпысқызы Ресейдің Қызыл Кресті тағайындаған "Алтын жүрек" халықаралық сыйлығын алды. Бұл жүлде жас ұрпақты қолдауға бағытталған көп жылдық қызметі үшін берілді.
2010 жылы ол SOS Kinderdorf International балалар сыйлығын алды, бұл сыйлық өз өмірін SOS Kinderdorf балалар ауылдарының балаларына арнаған белсенді әйелдерге беріледі.