Бақтияр Артаев: ата-анамның қазасы мені бір күнде есейтті

видеодан кадр видеодан кадр
Естіген бойда денемнен суық тер шықты. Сездім бірдеңе болғанын.

Атақты спортшы ата-анасынан 2012 жылы бір күнде айырылып қалды. Ауыр жол апаты алдымен анасын, араға 2 сағат салып асқар тау әкесін алып кетті.

Ойламаған жерден екі тірегінен айрылған Бақтияр өзінің бір күнде есейгенін Еуразия бірінші арнасындағы "Ең алғашқы" бағдарламасында айтып берді.

Маған жол апаты туралы ағам хабарлады. Естіген бойда денемнен суық тер шықты. Сездім бірдеңе болғанын. 15-20 минут ішінде ағам екеуіміз екі көлікпен апат болған жерге жеттік. Екеуін тауып, көлікпен қалаға әкелдік. Өкінішке орай, анам қайтып кеткен, ал әкем тірі еді. Әкем ауруханаға өз аяғымен кірген. Араға 2 сағат салып, әкем де қайтты. Әкем үнемі анама сен бірінші кеткенше, мен кеткенім дұрыс деп отыратын. Сен кетіп қалсаң, мен қиналып қалам, балаларға қарай алмаймын. Ал мен жоқ болсам, сен балаларға қарай аласың, тәрбие бере аласың дейтін. Ауруханаға өз аяғымен кірген әкем анамды қимай, артынан кетіп отыр. Ата-анамның қазасы мені бір күнде есейтті, - деп ауыр күндерді еске алды спортшы.

2012 жылы белгілі спортшы ата-анасымен бірге, қайын атасы мен енесінен де айырылып қалған. Өз сұхбатында Бақтияр Артаев мұндай ауыр қайғыны ешкімнің басына тілемейтінін жеткізді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ішкі істер министрлігінің өкілеттілігі жаңарды

Бурабайда балық аулауға рұқсат етілді - Ұлттық парк маңызды мәлімдеме жасады

15 сәуір - Қозы Көрпеш-Баян сұлу күні: мөлдір махаббат тарихы

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

2025 жылдың мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады