Чемпиондар лигасы: 1/8 финалының алғашқы матчтары өтті

uefa.com
"Барселона" өз алаңында "Пари Сен-Жерменді" қабылдады.

Чемпиондар лигасының 1/8 финалының алғашқы ойынында "Барселона" өз алаңында "Пари Сен-Жерменді" қабылдады. Кездесу Барселонадағы "Камп Ноу" стадионында өтіп, 4:1 есебімен париждік клубтың пайдасына аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz aladop.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесудің 27-минутында пенальтиді сәтті орындаған "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси есеп ашты. 5 минуттан кейін ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе есепті теңестірді. Ойынның, 65-минутында Мбаппе дубль жасады. 5 минуттан кейін шабуылшы Мойзе Кин Леандро Паредестің керемет пасынан кейін париждік клубтың үшінші голын соқты. Кездесудің аяқталуына 5 минут қалғанда Мбаппе хет-трик жасап, матчтың нүктесін қойды.

Естеріңізге сала кетейік, қарымта матч 10 наурызда Парижде (Франция) өтеді.

"РБ Лейпциг" Чемпиондар лигасының 1/8 финалының алғашқы матчында "Ливерпульмен" кездесті. Кездесу бейтарап стадионда өтті - Будапешттегі "Пушкаш Арена" (Венгрия). Матч 2:0 есебімен англиялық клубтың пайдасына шешілді.

Бірінші таймда "Ливерпуль" басымдық танытты. Юрген Клопптың шәкірттерінде үш қауіпті мүмкіндік болды, бірақ оларды голға айналдыра алмады. 53-минутта Мохамед Салах алғашқы голды соқты, 58-минутта Садио Мане есепті еселеді. Матчтың соңғы бөлігінде нәтижені сақтау үшін "Ливерпуль" қорғаныста ойнады, бірақ "РБ Лейпциг" қанша шабуыл жасаса да, мерсисайдтық клубтың қорғанысын бұза алмады.

Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жауапты ойыны 10 наурызда "Энфилдте"(Ливерпуль) өтеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты