Тұрғын үйлер заңсыз бөлініп, тамыр-таныстар кезекке тұрып жатыр

gov.kz
"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша заң бұзушылықтар жасалды.

Қарағанды облысында "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асыру барысында тұрғын үйді заңсыз бөлу, тұрғын үй жағдайлары жақсартуды қажет етпейтін тұлғаларды кезекке қою, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды заңсыз өзгерту және өзге де жүздеген бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды zakon.kz Қарағанды облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Прокурорлардың араласуынан кейін кезекте тұрған 89 адам көптен күткен пәтерлеріне қоныстанып, 110 адам жалға алушы мәртебесін ресімдеуі оларға мемлекеттік қызметтерді алуға жол ашты.

Жосықсыз жалға алушылардан 30 млн теңге өндіріліп, 13 пәтер босатылды, олардың 8 тұрғын үйге шын мәнінде мұқтаждарға берілді.

Бағдарлама шарттарына сәйкес келмегендіктен 2 540 адам тіркеуден алынып тасталды.

Мердігерлерге қатысты да тиісті талаптар қойылып, олар қадағалау актілері бойынша мемлекеттік бюджетке 440 млн теңгеден астам соманы қайтарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз