Автотұрақ құны - 5 мың теңге. Нұр-Сұлтан әуежайы түсінік берді

zakon.kz
Ол атап өткендей, іс жүзінде вокзал алаңының сызығы автотұрақ болып табылмайды. Әуежайда көлік құралдары үшін балама тұрақ орындары қарастырылған.

19 ақпан, жұма күні әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан әуежайындағы автотұрақтың тарифі көтерілгені туралы ақпарат пайда болды. Әуежай бұл ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Әуежайға келетіндердің барлығына құлаққағыс! Тариф өзгерді. Бұрын 1 мың теңге болса, қазір - 5 мың теңге, соны біліп жүріңіздер, - деді видеоны түсірген әуежай қонағы.

Біз бұл жайтқа түсініктеме алу үшін елорда әуежайына хабарластық.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратқа шолу жасай отырып, автотұрақ қызметі тарифінің 5 мыңға дейін өскеніне қатысты ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Әуежай күтіп алуға және шығарып салуға ыңғайлы болу үшін вокзал алдына жолаушыларды тез түсіріп немесе жылдам мінгізіп алу үшін жолды тегін ұсынады. Яғни, ол 15 минуттан тұрады. Сонымен қатар, вокзал алаңында жолаушыларды тез түсіру және отырғызу сызығында ұзақ уақытқа тұруға болмайтындығын ескере отырып, осы жолда ұзақ уақыт тұрып қалғандарға 5 мың теңге айыппұл белгіленді, - деп түсіндірді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.

Ол атап өткендей, іс жүзінде вокзал алаңының сызығы автотұрақ болып табылмайды. Әуежайда көлік құралдары үшін балама тұрақ орындары қарастырылған.

Ал ол арада тегін тұрақ және ақылы тұрақтар да бар, мұнда сағат 10-ға дейін кірген сәттен бастап 1 сағаттық тұрақ үшін 100 теңге төлеу міндеттелген, - деді Шалекенов.

Ол Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 116-бабы, 1-тармағына сәйкес, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бағалары мен тарифтерін кәсіпкерлік субъектілері дербес айқындайтынын да баса айта кетті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды