Балқаш ауданының бас полицейі аңшылық жасау мерзімінің аяқталғанын жария етті

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Табиғат қорғау полициясы былтыр қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалануға қатысты 99 әкімшілік құқық бұзушылықты да әшкерелеген

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес аң аулау мерзімінің аяқталғанына байланысты Алматы облысы Балқаш ауданы полиция бөлімінің басшылығы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, саятшылыққа құмар жандарға үндеу жасады, деп хабарлайды zakon.kz..

Өз сөзінде тәртіп сақшысы рұқсат етілмеген мерзімде аң және балық аулау қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

"ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 901 қаулысымен аң аулау туралы ережесі бекітілген. Еліміздің аумағында тұяқты жануарларды, яғни шошқа, елік аулау мерзімі қыркүйек айының бірінші сенбісінен басталып, 31 желтоқсанда аяқталды",- деп Балқаш АПБ бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Дәурен Құтпанов аңшылық жасау мерзімін айқындап берді.

Полиция басшысының ақпараты бойынша 2020 жылы Балқаш ауданының аумағында жануарлар дүниесін заңсыз пайдалануға қатысты 14 қылмыстық іс қозғалған. Оның 7 дерегі балық ресурстарын заңсыз аулау және 7 дерегі заңсыз аңшылық жасағаны үшін қозғалған.

Сондай-ақ, табиғат қорғау полициясы былтыр қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалануға қатысты 99 әкімшілік құқық бұзушылықты да әшкерелеген. Еліміздегі заң талаптарын бұзған адамдар жауапкершілікке тартылып, 530 мың теңгеге жуық әкімшілік айыппұл төлеген.

"Құрметті Балқаш ауданының тұрғындары мен қонақтары! Табиғи байлығымыздың өсіп-өнуіне жағдай жасау мақсатында заңмен тыйым салынған кезде аңшылық жасамауға және балық ауламауға шақырамын. Заңсыз әрекет қатаң жазаланатыны белгілі! Сонымен қатар, тіршілік иелеріне қиянат жасауға болмайтынын ұмытпаңыздар!",- деп толықтырды полиция подполковнигі Дәурен Құтпанов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті