Қанат Ислам кезекті қарсыласын ұрып жықты

kursiv.kz
Отандасымыздың қарсыласы соңғы сәтте ауысып кетті.

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Отандасымыз Майами (Флорида штаты, АҚШ) қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Әу баста негізі оның қарсыласы 33-жастағы ганалық Ободай Саи (35-3-1, 26 КО) болатын. Бірақ кездесуге бірнеше уақыт қалғанда қарсылас ауысып, Ислам 27 жастағы эквадорлық Джейсон Миндамен (14-4-1, 8 КО) кездесті.

Бұл кездесу он раундқа жоспарланған. Бірақ айқас жетінші раунда аяқталды. Қазақстандық боксшы қарсыласын төртінші раунда нокдаунға жіберді. Жетінші раундта төреші тағы есеп ашты. Ол кезде Минда есін жиып үлгергенімен, Ислам қарсыласын қайта құлатта. Осылайша жекпе-жек аяқталды.

Айта кетейік, аталған айқас Қанат Ислам 2019 жылдан бергі бірінші жекпе-жек болды. Ол соңғы рет Алматы қаласында намибиялық Уолтер Каутондокваға қарсы шығып, жеңіске жеткен болатын. Ол кезде қазақстандық боксшы орта салмақта WBO International белбеуін жеңіп алды.

Ал Минда болса соңғы кездесуін өткен жылдың қараша айында өткізіп, мексикалық Хулио Сесар Чавестен (52-5-1, 34 КО) жеңіліп қалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты