"Әлеуметтік әмиян" 2022 жылы қолданысқа енгізіледі

2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында төлемдерді цифрландыру және қазақстандықтардың "әлеуметтік әмиянын" енгізу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

"Әлеуметтік әмиян" жобасын іске қосу мерзімі кейінге шегерілді. Енді халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған цифрлық әмиян 2022 жылы жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Фискалдық саясаттың контрциклдік сипатын арттыру үшін Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, 2022 жылдан бастап жаңа бюджеттік ереже енгізеді. Ол фискальдық тәртіпті арттырып, экономиканың сыртқы қауіп-қатерлерге бейімделе жауап беруін қамтамасыз етеді.

Ұлттық банк қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және қаржы секторын дамытуға ат салысады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2022 жылдан бастап әлеуметтік әмиянды енгізу жоспарланған, одан соң ол ұлттық тауар тарату жүйесімен интеграцияланатын болады, - деді Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев үкімет отырысында.

2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында төлемдерді цифрландыру және әр азаматтың "әлеуметтік әмиянын" енгізу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Еңбек министрлігі цифрлық әмиянның енгізілуімен қазақстандықтарға банкке барудың, есепшот ашудың қажеті жоқ, қаражат тікелей "әлеуметтік әмиянға" түседі деп хабарлады. Ол мобильді қосымша ретінде жұмыс істейтін болады, онымен теңгерімді көруге, ақшалай операциялар жасауға, банктік шот ашуға, ақша аударуға, картаны толтыруға, QR-код арқылы тауарлар мен қызметтерді сатып алуға болады.

Бұған дейін цифрлық әмиянды енгізу ісі 2021 жылдың соңына қалдырылған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: